2026 жылғы 30–31 қазанда Астана қаласында жамбас және тізе буындарын эндопротездеудің өзекті мәселелеріне арналған «Complex Hip and Knee Arthroplasty in 2026: Solved Issues, Challenges, Perspectives, and Lessons Learned» атты халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы өтеді.
Ұйымдастырушылар
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
- «Академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК
- Академик Н.Д. Батпенов атындағы қор
- Қазақстан травматолог-ортопедтер қауымдастығы (ҚТОҚ)
- Түрік жамбас және тізе буындары артропластикасы қауымдастығы (Kalça Diz Artroplasti Derneği)
- Қазақстан Республикалық эндопротездеу орталығы
Конференцияның мақсаты
Халықаралық тәжірибе алмасу және мынадай мәселелер бойынша заманауи тәсілдерді талқылау:
- күрделі біріншілік және ревизиялық эндопротездеу;
- сүйек ақауларындағы хирургиялық тактиканы таңдау;
- заманауи технологияларды қолдану;
- перипротездік инфекцияны диагностикалау, алдын алу және емдеу.
Форматы
Жетекші халықаралық сарапшылардың дәрістері, клиникалық пікірталастар, күрделі клиникалық жағдайларды талдау, практикалық мастер-кластар және Live Surgery форматындағы көрсетілім операциялары.
Құрметті шақырылған баяндамашы
Профессор Javad Parvizi — жамбас және тізе буындарын эндопротездеу және перипротездік инфекция саласындағы әлемге танымал сарапшы.
Конференция кімдерге арналған
Травматолог-ортопед дәрігерлерге, эндопротездеу саласының мамандарына, резиденттерге, жас ғалымдарға, Қазақстан мен шет елдердің медицина жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтары мен денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдеріне.
Күндері мен алаңдары
- 2026 жылғы 30 қазан — академик Н.Д. Батпенов атындағы ҰҒТОО базасында мастер-кластар және Live Surgery.
- 2026 жылғы 31 қазан — ғылыми-білім беру конференциясы, Wyndham Garden Astana.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.





