2026 жылғы 30 қазанда академик Н.Д. Батпенов атындағы ҰҒТОО базасында практикалық мастер-кластар және Live Surgery форматындағы көрсетілім операциялары өтеді.
Мастер-кластардың тақырыбы конференцияның негізгі бағыттарын қайталайды: күрделі біріншілік және ревизиялық эндопротездеу, сүйек ақауларындағы хирургиялық тактика, эндопротездеудегі заманауи технологиялар, сондай-ақ перипротездік инфекцияның алдын алу және оны емдеу.
Мастер-кластарды шақырылған халықаралық сарапшылар жүргізеді. Кесте мен топтардың құрамы бекітілуіне қарай бағдарламада жарияланады.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.